RU
Толық нұсқаға өту

23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтеді

22.09.2026, 13:25 74

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді. 

 Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:

1. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 22 қыркүйек

№ 331

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz