RU
Толық нұсқаға өту

Қадырбек Шынбаев Азия ойындарында ММА-дан елге екінші алтынды сыйлады

22.09.2026, 16:00 170

Азия ойындарынан қуанышты жаңалық! Қадырбек Шынбаев XX жазғы Азия ойындарының шыңында. Ол ММА-дан алтын алды.

Осылайша, жекпе-жектен елге екінші алтын жетіп отыр. 22 жастағы спортшы 71 келіге дейінгі салмақ арасында «Modern» дисциплинасында топ жарды. Айта кетейік, ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген. Қадырбек Шынбаев бір жылда құрлықтық деңгейдегі екі ірі додада жеңіске жетіп, Азия чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz