RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады

22.09.2026, 16:49 45

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочарованы қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті. Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды. Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуі тиіс. Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz