RU
Толық нұсқаға өту

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесінің міндетін түсіндірді

24.09.2026, 11:28 54

Халық кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес.

Оның құзыретіне кіретін жұмыспен кеңес мүшелері айналыспайды. Депутаттардың қызметіне араласпайды, деп хабарлайды 24KZ.

Заң бойынша осындай әрекеттерге құқы жоқ. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы мәлімдеді. Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев алда тұрған мақсат-міндеттерді айқындады.

Екі институт та бір-бірін толықтырып, бірлесе қызмет етуі керектігін айтты. «Алдымызда тұрған мақсат та бір, Отанымыз да бір. Сондықтан бәріміз біртұтас ел болып бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Қазақстан халқы үшін табанды қызмет етуіміз керек», - деді президент.

Заң жобаларын әзірлеу барысында қарапайым халықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет. Мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа, ауқымды әрі біртұтас жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz