Бүгін Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».
Қасым-Жомарт Тоқаев компаниямен серіктестікті дамыту және заманауи неміс технологияларын игеру Қазақстанның өнеркәсіп және экология саласындағы басымдықтарына толық сай келетінін жеткізді. Кездесу барысында елімізде металл өңдеу жобасын бірлесе іске асыру мүмкіндігіне айрықша мән берілді. Президент Қазақстан үшін металлургия секторы аса маңызды екенін атап өтіп, саланың маңдайалды кәсіпорны – Qarmet компаниясында жүргізіліп жатқан реконструкция барысын баяндады. Ал Кристиан Артнер неміс компаниясының Қазақстанда өндіріс жобаларын жалғастыруға ниетті екенін растады. Аталмыш компания Алатау қаласында тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге, сондай-ақ Qarmet компаниясымен жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #Кристиан Артнер #қабылдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz