RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президентімен кездесті

01.10.2026, 19:26 39

Мемлекет басшысы NVIDIA (Энвидиа) компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті.

Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда компанияның ролі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы мен NVIDIA компаниясының вице-президенті өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасқанына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда NVIDIA (Энвидиа) технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды. Кездесуде Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA (Энвидиа) компаниясының «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының келесі кезеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz