RU
Толық нұсқаға өту

Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фуды қабылдады

02.10.2026, 19:06 37

Қазақстандағы 500 мектепке жасанды интеллект енгізілмек. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры Ли Кай-Фу мәлімдеді.

Жоба шағын жинақты мектептерге биыл қыркүйектен бастап енгізіліп жатыр. Ал келесі жылдың қаңтарынан бастап оны 60 мектепке, ал сәуірде 500 мектепке енгізу жоспарланған. Президент жобаны іске асыруда оның ауқымын кеңейту және білім сапасын арттыратын нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды екеніне тоқталды. Жасанды интеллектінің игілігін қаланың да, ауылдың да тұрғындары теңдей көруі қажет екеніне баса мән берілді. Бұл ретте Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі ретінде пайдалану перспективасына назар аударды. Кездесуде Мемлекет басшысына жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы бірқатар бастама таныстырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz