Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады. Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.
Тегтер #Оман Сұлтаны #қарсы алу рәсімі #салтанатты шараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz