RU
Толық нұсқаға өту

Президент Оман Сұлтанымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

06.10.2026, 13:25 50

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманның Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары екі жақты байланысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ Президент тікелей әуе рейстерін көбейту екі ел арасындағы барыс-келісті жандандыратынын айтты. Оманмен экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін және Доңға мұнай кен орнына қатысты келісімнің маңызын да тілге тиек етті. Өз кезегінде Оман Сұлтаны жылы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан мен Оман арасындағы 30 жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан байланыстардың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Хайсам бен Тариқ Әл Саид экономика, саясат және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz