RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

08.10.2026, 08:58 47

8-10 қазанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығысында көктайғақ құбылыстары болжанады, деп хабарлайды 24KZ Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.

Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz