RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті

08.10.2026, 17:00 69

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды «24KZ».

Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. 

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz