2025 жылы ТМД елдерімен алыс-беріс 40 миллиард долларға жуықтаған.
Ал биылғы жеті айда сауда айналымы 10 пайызға өсті. ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев өзара ықпалдастықтың маңызына тоқталды. Алдымен Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны үшін Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты. Мемлекет басшысы Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу қажеттігін айтты. "Ең әуелі ТМД-ның ұзақ мерзімді басымдықтарын белгілеу қажет", - деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын дамыту тұжырымдамасы 2007 жылы бекітіліп, алты жыл бұрын жаңартылғанын тілге тиек етті. Одан кейін қабылданған бағдарламалар мен құжаттар көбіне белгілі бір салаға қатысты болғандықтан, көбіне бір-бірімен сәйкеспейтінін атап өтті. Сондықтан олардың бәрін біріктіріп, өзара байланысты біртұтас жүйе түзуді ұсынды.
Тегтер #президент #ТМД #Аваза #ТүрікменстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz