10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.
10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:
елдің батысында +22+27°С-қа дейін;
солтүстік-батысында +17+25°С-қа дейін;
солтүстігінде +13+20°С-қа дейін;
орталығында +13+22°С-қа дейін;
шығысында +10+22°С-қа дейін;
оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы +18+23°С-қа дейін төмендейді;
елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.
Тегтер #24KZ #ауа райы болжамы #ауа райы #қазан айы #синоптиктер #ҚазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz