RU
Толық нұсқаға өту

Президент Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейді аралады

13.10.2026, 13:00 67

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады. Әсіресе бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залы ерекше назарға ілікті. Ал Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысып, бельгиялық суретші Джеймс Энсордың туындыларына көзайым болды. Мәдени шара соңында Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz