Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысып жатыр.
Бұған дейінгі кеңестің саммиті 2022 жылы Астанада өткен еді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес - аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық форум. Бұл алаңды құру бастамасын Қазақстан 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында көтерген еді.
Тегтер #президент #АӨСШК #саммит #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz