RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

16.10.2026, 07:55 32

Елдің оңтүстік-шығысында 1–2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ауа температурасы:

Елдің батысында: түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;

Ақтөбе облысында: түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −1…−3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;

Қостанай облысында: түнде −1…−6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;

Елдің солтүстігінде: түнде −3…−8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;

Ұлытау облысында: түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;

Қарағанды облысында: түнде ауа температурасы негізінен −1…−8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;

Елдің шығысында: түнде ауа температурасы −1…−6°С-тан −3…−11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында −2°С болады;

Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;

Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда −2…−7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz