Каспий теңізінің табаны арқылы өтетін интернет транзиті елге пайда әкеледі. Кеше ғана іске қосылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі «Цифрлық Жібек жолы» деп аталатын халықаралық жобаның маңызды бөлігі саналады. Теңіз түбіне төселген кабель Қытайдың деректерін Қазақстан арқылы Әзербайжанға, одан әрі Грузия мен Қара теңізден өтіп Еуропаға жеткізеді. Айта кетсек, қазіргі кезде Қазақстан және Орталық Азия мемлекеттері әлемдік интернет желісіне Ресей арқылы қосылған, деп хабарлайды 24KZ.
Бекет Олжанов, «Қазақтелеком» АҚ филиалы жобаларды басқару дирекциясының инженері:
– Жобаның тиімді тұсы – Қазақстан транзиттік жер болғандықтан біз тауарларды ғана тасымалдайтын едік, қазір енді деректерді тасымалдайтын жаңа мемлекеттердің біріне айналып отырмыз. Деректер біз арқылы өтеді Орталық Азияға және Еуррпадағы деректер біздің еліміз арқылы өтетін болады. Бізге табыс әкеледі, экономикаға біраз ықпалын тигізеді.
Тегтер #24KZ #интернет #Ғаламтор #Каспий теңізі #транскаспийPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz