Мемлекет басшысы құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға Ақордада мемлекеттік марапаттар тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адам өміріне араша түсу, азаматтарды қауіп-қатерден қорғау, оқыс жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, тіпті олардың қорқынышын басып, жұбату сөз айту – осының бәрі де нағыз құтқарушының бойынан табылатын асыл қасиеттер», - деп мамандарға ризашылығын білдірді.
«Төтенше жағдай саласының қызметшілерін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын әрі арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептеймін. Мемлекет басшысы ретінде сіздердің ерен еңбектеріңіз қоғамымыздың айрықша сый-құрметіне лайықты деп санаймын», - деді Президент.
Тегтер #24KZ #Қасым–Жомарт Тоқаев #Құтқарушылар күні #марапаттау рәсіміPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz