RU
Толық нұсқаға өту
Фото: pixabay.com

Еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

20.10.2026, 07:05 40

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 20 қазанда күндіз Павлодар облысында, 21–22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын болжанады. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды 24KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–3 градусқа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Елдің батысында: түнде −6-дан +2°С-қа дейін төмендейді, күндіз +15-тен +22°С-қа дейін аздап жоғарылайды.

Маңғыстау облысында: түнде +2-ден +10°С-қа дейін төмендейді, күндіз +21-ден +26°С-тан +18-ден +23°С-қа дейін аздап құбылады.

Ақтөбе облысында: түнде 0-ден +5°С-тан −1-ден −6°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз +12-ден +17°С-қа дейін жоғарылайды.

Қостанай облысында және елдің солтүстігінде: түнде ауа температурасы −1-ден −6°С-тан 0-ден +5°С-қа дейін құбылады, күндіз +2-ден +10°С шамасында болады.

Елдің орталығында: түнде ауа температурасы 0-ден +5°С-тан −1-ден −6°С-қа дейін құбылады, күндіз +3-тен +11°С-тан +7-ден +13°С-қа дейін өзгереді.

Елдің шығысында: түнде 0-ден +5°С-қа дейін төмендейді, күндіз +2-ден +7°С-қа дейін аздап төмендейді, өңірдің шығысында −1°С болады.

Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы 0-ден +5°С-қа дейін аздап төмендейді, күндіз +18-ден +23°С-тан +12-ден +17°С-қа дейін құбылады.

Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы негізінен 0-ден +8°С болады, таулы аудандарда −3-тен −8°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +15-тен +20°С-тан +8-ден +16°С-қа дейін аздап құбылады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz