Жезқазғандық балқытушы Әбдірашит Доспанов – «Қазақстанның Еңбек Ері».
Бұл туралы Ақорда телеграм арнасында хабарлады. Мемлекет басшысының Жарлығымен өндірістік қызметтегі аса үздік еңбегі үшін «Kazakhmys Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жезқазған мыс балқыту зауытының балқытушысы Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспановқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылады делінген хабарламада.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Әбдірашит Доспанов #Қазақстанның Еңбек Ері #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz