RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – Республика күні

25.10.2026, 07:10 60

Осыдан 36 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның негізі қаланды. Оған 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған «Мем­лекеттік егемендік туралы» декларация негіз болды, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл егемен елдің қалыптасуындағы алғашқы маңызды заңнамалық құжат еді. Содан бері тәуелсіз Қазақстан болашаққа нық қадам басып, мемлекеттілігін нығайтып, әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар елге айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы саналатын бұл мереке ондаған жылдан кейін қайта жаңғырып, жалғыз ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл күні ұлттық құндылықтар дәріптеліп, тарих сараланады. Республика күні – елдігімізді айшықтап, бірлігімізді бекемдеуге, азаттықтың ақ таңын қадірлеуге үндейтін айтулы дата. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz