RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

27.10.2026, 14:33 37

Жыл басынан бері сот органдары 25 мыңға жуық қылмыстық істі және 29 мыңнан астам әкімшілік пен 319 мың әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарады.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев биылғы 9 айда атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндады. Ол сот ісін жүргізу үдерісін цифрландыруды және қазақстандықтардың сот жүйесіне сенімін арттыру шаралары бойынша есеп берді. Қазір елде азаматтық істердің саны ұлғайып, 605 мыңнан асқан. Даулардың жартысына жуығы медиация және өзге де жолдармен реттелген. Кассациялық сотқа 18 мыңнан аса шағым түскен. Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі сапасын жақсарту және жүйені жаңғырту жұмыстарын іске асыру қажеттігіне назар аударды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz