RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

03.11.2026, 07:05 50

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 

3 қарашада шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +13+21°С-тан +6+19°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +13+18°С-тан +10+15°С-қа дейін төмендейді. Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Бұл туралы «Қазгидромед» РМҚ хабарлайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz