RU
Толық нұсқаға өту

Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

03.11.2026, 14:55 39

Президент «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» басқарма төрағасын қабылдады. Әлібек Жамауов Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның ірі инфрақұрылымдық жобалары жайлы баяндады.

Геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру бойынша Шалқар, Саралжын, Малдыбай, Солтүстік-2, Солтүстік-1 және басқа учаскелерде жұмыс жүргізіліп жатыр. Қашаған газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды. Оның қуаты жылына 1 млрд текше метр көгілдір отын өңдеуге жетеді. Өндіріс орнын 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ саланы цифрландыру белсенжі жүргізіліп жатыр. Газбен жабдықтауды есепке алу және басқару ісіне жасанды интеллект қосу қоға алынған. Компания төрағасы алдағы жоспарларды да тізіп шықты. Солтүстік өңірлерге көгілдір отын жеткізу, Рудный қаласында табиғи газ өндіретін зауыт салу, 4-ші жерасты газ қоймасының құрылыс жұмыстары басталды. Кездесуде Президент жылыту кезеңінде тұрғындарды және экономиканы көгілдір отынмен тұрақты қамтамасыз ету, тауарлы газ қорын кеңейтуді жалғастыруды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz