RU
Толық нұсқаға өту
фото: akorda.kz

Президент: «Халықтық құрылыс» келешек ұрпаққа салмақты мұра қалдыруға мүмкіндік береді

04.11.2026, 17:00 100

Елде технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеуге белсенді инвестиция салынып жатыр. Бұл – білім, ғылым және цифрлық құзыретке қолдау, деп хабарлайды «24KZ».

Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдаған Президент осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жобаның Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақты нығайтуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ «Халықтық құрылыс» бастамасы жайлы айтып берді. Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның ел университеттері, стартаптары және технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту ниетін құптады. Баладжи Шринивасан онда цифрлық шешімдерді ілгерілету, адам капиталын дамытып, инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді. Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz