Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы Корольдің Қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы берік достық пен өзара сенімнің айқын көрінісі екенін атап өтті. Тараптар сауда, инвестиция, туризм, технология және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық байланыстар екі жақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарының бірі екенін жеткізіп, академиялық және ғылыми әріптестікті нығайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Король ІІ Абдалла Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Процесс аясындағы ынтымақтастық пен жасанды интеллект қауіпсіздігі мәселелері де сөз болды. Тараптар өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне тоқталып, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Иордания #Келіссөз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz