RU
Толық нұсқаға өту

7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

07.11.2026, 07:07 41

07 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

07 қарашада Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 07 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

07 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 07 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

07 қарашада Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

№ 06 ҚҚ дауылды ескерту 2026 жылғы 06 қарашадан 2026 ж. 06 қараша 20 сағ. 2026 ж. 07 қараша 20 сағ. аралығы.

07 қарашада түнде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада таңертең және күндіз Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 07 қарашада түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

07 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 07 қарашада жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

07 қарашада Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 07 қарашада жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

07 қарашада Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 07 қарашада тұман күтіледі.

07 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 07 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

07 қарашада Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 07 қарашада кей уақытта тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

07-08 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 07 қарашада түнде облыстың орталығында 3 градус үсік күтіледі.

07-08 қарашада облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 07 қарашада түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

07-08 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 07 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

07 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz