RU
Толық нұсқаға өту
Сурет ЖИ көмегімен жасалған

12–14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

12.11.2026, 07:45 22

Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «24KZ» «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ құбылыстары болжанады. Жекелеген күндері елдің батысында, солтүстігінде, орталығында, ал 13 қарашадан бастап оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

Батыста: түнде 2–9 градус жылыға дейін жоғарылайды, күндіз 8–17 градус жылы болады.

Солтүстікте: түнде 2–10 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 2 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

Орталықта және шығыста: түнде 5–15 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізінен 3 градус аяз бен 5 градус жылы аралығында болады.

Оңтүстікте: түнде 1–8 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–12 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Оңтүстік-шығыста: түнде 3–8 градус, таулы аудандарда 11–16 градус аяз болады. Күндіз 2–10 градус жылыға дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1–6 градус аяз болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz