RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:00 39

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғаны аса күрделі жағдай екенін айтып, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайтынын мәлімдеді. Алайда Мемлекет басшысы бұл – біз «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс деді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz