RU
Толық нұсқаға өту
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

13.11.2026, 21:15 90

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Президентке жыл басынан бері ведомство атқарған қызметтің негізгі нәтижелері туралы айтып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөніндегі есепті тыңдады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz