RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады

18.11.2026, 14:41 33

Мемлекет басшысы Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында ортақ тарихқа, тату көршілікке, сондай-ақ қос халық арасындағы өзара құрмет пен берік байланысқа негізделген Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының айрықша сипатына назар аударды.

Президенттің айтуынша, мемлекетаралық қатынастардың жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне көтерілуі барлық бағыттағы, соның ішінде құқық саласындағы ықпалдастықтың да дәйекті түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Өз кезегінде Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Қазақстан сотымен белсенді ықпалдастық жолға қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, тарихта тұңғыш рет екі елдің жоғары сот инстанциялары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz