Мемлекет басшысы Парламентаралық одақ президенті, Аустралия Парламенті Өкілдер палатасының спикері Милтон Дикті қабылдады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде тараптар парламенттік дипломатияны, жасанды интеллектінің дамуын және Қазақстан мен Аустралия арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Тоқаев Милтон Дикті Парламентаралық одақ президенті болып сайлануымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның ұйыммен көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланысты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. Ол сонымен қатар елдегі саяси жүйені жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған реформаларға тоқталды. Милтон Дик Парламентаралық одақ президенті ретінде алғашқы сапарын Қазақстанға жасағанын атап өтті. Ол елдегі саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді.
Тегтер #24KZ #Аустралия #спикер #Қасым–Жомарт Тоқаев #қабылдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz