RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сөз сөйледі

20.11.2026, 14:44 51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ең алдымен, кәсіби мереке баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Бұл – мән-мағынасы ерекше оқиға. Себебі ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала. Бүгін де жыл сайынғы дәстүрге сай мемлекетіміздің аграрлық ахуалын талқылау үшін арнайы жиналып отырмыз. Алқалы жиынға еліміздің әр аймағынан келген білікті мамандар, диқандар, шаруалар, бір сөзбен, еңбек адамдары қатысып отыр. Сондықтан бұл форумды жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу десек те қате болмас. Ең алдымен, қазір сөз сөйлеп, өз көзқарасымен бөліскен азаматтарға, инвесторларға алғыс білдіремін. Су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және басқа да өзекті мәселелерге қатысты мазмұнды пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Үкімет және құзырлы министрлік осы мәселенің бәрін міндетті түрде назарға алуы керек. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz