Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласындағы деңгейі аса жоғары мамандардың басын қосқан форумға шақырғаны үшін Владимир Путинге алғыс айтып, Ресейдің ғылым мен технологиядағы жетістіктеріне оң баға берді.
Президент Қазақстанды барынша қысқа мерзім ішінде толық цифрланған мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат ретінде белгілегенін мәлімдеді.
Келешек цифрлық экономикаға маман даярлау ісіне айрықша мән беріліп отырғанын жеткізіп, AI-Sana бағдарламасы аясында 100 мыңнан аса студент жасанды интеллектіні қолданудың практикалық дағдыларын меңгеріп жатқанына тоқталды.
Сондай-ақ, энергетикадағы ахуал туралы да сөз қозғады. «Жасанды интеллектіні қарқынды енгізудің нәтижесінде есептеу қуатына сұраныс көбейеді, ал бұл энергия жүйелерінің жүктемесін арттырады», - деді Мемлекет басшысы.
Озық технологиялардың артықшылықтарымен қоса қауіп-қатері де жеткілікті екенін алға тартты.
Айта кетейік, пленарлық сессия барысында Ресей Президенті Владимир Путин мен «Сбербанктің» басқарма төрағасы Герман Греф те сөз сөйледі.
Тегтер #Ақорда #AI Journey 2026 #жасанды интеллект #сөз сөйледі #Қасым–Жомарт Тоқаев #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz