RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда күн суытып, қар мен жаңбыр жауады

27.11.2026, 07:10 20

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды 24KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 24 қарашада Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысының жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ құбылыстары және желдің күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы төмендейді. 28 қарашада күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 0,-5°С, оңтүстік-батысында және шығысында 0,+5°С, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +5+10°С, таулы аудандарда 0,-5°С болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz