RU
Толық нұсқаға өту

Ауа райына байланысты "Қазгидромет" пен ІІМ ескерту жасады

27.11.2026, 14:03 34

Бүгін елдің бірқатар өңірінде күн райы күрт бұзылып, жойқын жел соғады. "Қазгидромет" қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, Астана мен Ақмола облысындағы желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ал Алматыда ауа райы күндіз 5-10 градус жылы болғанымен, қас қарая 5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Түркістан облысында да солай. Күндіз 5-10 градус жылы, бірақ таулы аудандарда 5 градус аязға дейін күрт төмендейді деп күтілуде. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі де тұрғындарға ескерту жасап, қалааралық сапарлардан бас тартуға кеңес берді. Жолдардың көктайғақ болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, сақ болуға шақырды. Елімізде 1 желтоқсаннан бастап көлікті қысқы дөңгелектерсіз тізгіндеуге тыйым салынады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz