RU
Толық нұсқаға өту

«Жас ұлан» мектептері колледжге айналады

21.02.2024, 13:07 1073

Отандық әскери оқу орындарында мамандықтар саны артып, шетелде кадр даярлау үрдісі қысқарды.

Алдағы екі жылда үш «Жас ұлан» мектебі колледжге айналады. Бұрын колледждерге орта мектеп түлектері ғана қабылданса, енді 9-сынып бітірген жасөспірімдерді де қабылдау мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Ал әскери институттарға түсу үшін ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинау қажет. Кейін олар 4 кезең бойынша іріктеледі. Сонымен қатар мерзімді әскери қызмет барысында қырағылық танытқан жауынгерлерге білім гранты беріледі.

Руслан Жангулин, ҚР ҚМ баспасөз хатшысы:

- Біз жыл сайын 37-38 мың азаматты әскер қатарына шақырсақ, солардың 10 проценті әскерден кейін тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қорғаныс министрлігі еліміздің 70-тен астам ЖОО-мен меморандумға қол қойған. Былтыр 3 мың орын бөлдік. Олардың 600-ден астамы қазір жоғары оқу орындарында қызмет істеп жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz