RU
Толық нұсқаға өту

Еуразия ұлттық университетінде төрт жатақхана тұрғызылады

26.02.2024, 16:17 829

Елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде төрт жаңа студенттер үйі бой көтереді.

Сөйтіп алдағы жылы жоғарғы оқу орыны өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Нысанның біреуі алдағы жазда пайдалануға берілмек. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан 5 қабатты ғимарат Мағжан Жұмабаев көшесінің бойында орналасқан, оған жаңа оқу жылы қарсаңында 300-ге жуық білім алушы орналаса алады. Университет алдағы екі жылда жатақханалардағы орын санын 5 мыңнан арттыруды көздеп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz