Алғаш рет ғалым-әйелдерге арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды 24KZ.
Ол Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел-академигі Найля Базанова атымен аталады. Бұл жайлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен мерекелік іс-шарада Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев айтты. Ол ғылымды дамытуда арулардың үлесі орасан зор екенін және еліміздегі ғалымдардың 60%-ын әйелдер құрайтынын сөз етті.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz