Жоғары білім берудегі академиялық әділдіктің ролі.
Бүгін Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде осы тақырыпқа арналған семинар өтті. Оған университеттердің оқу ісі жөніндегі проректорлары, басқарма басшылары мен профессорлар қатысты. Іс-шара жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдықты ілгерілетуге, плагиат сияқты құқық бұзушылықтың алдын алуға, «Заң және Тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған. Семинар кезінде жоғары білім саласындағы құқықтық мәдениет талқыланды. Сондай-ақ жасанды интеллект дәуірінде академиялық адалдықты сақтау мәселесі қаузалды.
Айдос Мұқатаев, жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz