88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайды.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Қашықтан оқыту су тасқыны қаупі сақталған аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылып жатыр. Ведомство өкілінің айтуынша, эвакуациялық пункттердегі балаларға қажетті көмек көрсету үшін психологиялық қызмет іске қосылды. Балалар қашықтан оқу үшін қажетті оқулықтармен, киім-кешек және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz