RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 10 технопарк жұмыс істейді

20.05.2024, 20:20 2487

Елімізде 10 технопарк бар. Үшеуі жоғары оқу орындарының жанынан құрылған, деп хабарлайды 24KZ.

Олар: Қазақ ұлттық университеті, Сәтбаев университеті және Шығыс Қазақстан техникалық университеті. Қалғандары өнеркәсіп орындары мен ғылыми орталықтардың аумағында жұмыс істейді. Технопарктердің жартысынан астамы Алматы, Астана, Атырау, Орал, Өскемен және Қарағанды қалаларында орналасқан. Алдағы уақытта бірнеше технологиялық парк ашу көзделген. Бұл заманауи технологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға және тың әдістер арқылы дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Ұлттық инновациялық қор дерегіне сүйенсек, Алматыда ақпараттық парктер салынады. Ол жерде бағдарламалық өнім шығарылып экспортталады. Алматы іргесіндегі Талғар қаласында да технопарк салу жоспарда бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz