RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысындағы білім ошақтарында санитарлық талаптар сақталмаған

17.06.2024, 17:09 909

Ақмола облысындағы білім ошақтарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған.

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде 22 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 4,5 млн теңге айыппұл салынды. Яғни мектептерде сабақ арасындағы үзіліс кестесінің дұрыс жасал-мағандығы мен асханада жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдері анықталды. Сондай-ақ кейбір мамандардың медициналық кітапшалары да болмай шыққан.

Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

- Прокурорлық тексеріс нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының бірінші тармағы бойынша 22 адамға айыппұл салынып, әкімішілік жауапкершілікке тартылды. Білім беру мекемелеріндегі анықталған осы олқылықтар толығымен жойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz