RU
Толық нұсқаға өту

Білім саласындағы қазақ-қытай ынтымақтастығы артады

05.07.2024, 15:28 973

Қазақстан мен Қытай білім беру ісін бірлесе дамытуы мүмкін.

Әсіресе, техникалық және кәсіптік мамандықтарды оқытуға басымдық беріледі. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қытайлық әріптестерімен кездесіп, бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, екі мемлекеттік студенттері мен оқытушыларын тағылымдамадан өткізу, колледждерді инновациялық дамыту жайы қарастырылды. Елде бұл бағытта білім алып жатқан студенттердің 70%-ы тегін оқуда.

Естеріңізге сала кетейік, қазір 700-ден аса колледжде 540 мыңнан астам студент білім алуда. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есе артып, оның 70 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz