RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 94 мыңнан астам грант бөлінді

03.08.2024, 15:00 889

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындарына 94 мыңнан астам грант бөлінді.

Оның 78 мыңы бакалавриат, қалғаны магистратура мен докторантураға бағытталған. Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми мәліметі бойынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 15 мыңнан астам талапкер тегін оқи алады. Ал әлеуметтік осал топтағылар үшін 6 мыңға жуық грант тағайындалды. Тағы 5 мың грант халық тығыз қоныстанған және батыс аймақтардың түлектеріне арналды. Сонымен қатар шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына 2 мыңдай грант бөлінген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша кадр даярлау

94 251 грант     -   78 000  бакалавриат

                                   13 000  магистратура

                                   3 000  докторантура

15 381 - тасқыннан зардап шеккен өңірге

5 854 - әлеуметтік осал топтар

5 000 - нысаналы грант

1 890 - шетелдік жоо филиалдары

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz