Өзбекстан университеттерінде білім алатын қазақстандық студенттер көбейді, деп хабарлайды 24kz.
Кейінгі 2 жылда көрші елге оқуға барған отандастарымыздың саны 2 есе артқан. Бүгінде 500-ден астам жас Ташкент, Самарқанд сынды қалаларда білім алып жүр. Олар мұнда магистратура және доктарантура дәрежесін де жиі алатын болған. Қазір қос мемлекет академиялық ұтқырлық бойынша студент алмасады. Жергілікті министрлік өкілдері «бұл – екі ел арасында жасалған 400-ден астам меморандумның жемісі», дейді. Алдағы оқу жылынан бастап Өзбекстан қазақстандық студенттерге білім гранттарын көбейтуді бастамақ. Ал Қазақстанның жетекші оқу орындары көрші елдегі қандастарымызға тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады. Одан бөлек, Өзбекстанда филиалдарын ашады. Қазақстанда да су шаруашылығы мамандарын дайындайтын Ташкенттік оқу орны жұмысын бастайды.
Мұхаммадазиз Хакимов, Өзбекстан Жоғары білім министрлігінің бас маманы:
- Қазақстан да – біздің ел жастары білім алуға баратын негізгі бағыттың бірі. Олар көбіне гуманитарлық сала, экономика және шет тілдері бойынша оқып жүр. Жалпы саны 6 мыңнан асып жығылады. Ал біздегі университеттерге келетін болсақ, ондағы білім беру бағдарламаларына жергілікті ғана емес, шетелдік тәжірибелер де енгізіліп жатыр. Оның ішінде британдық, америкалық, италиялық оқу бағдарламалары бар. Осы жайт көрші ел студенттерінің көбеюіне бірден бір әсер еткен фактор деп ойлаймын.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz