Қазақ-өзбек байланысы ғылым-білім саласында да дами түспек, деп хабарлайды 24KZ.
Оған дәлел бүгін Алматыда «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері» институтының филиалы ашылды. Ал Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалы құрылды. Салтанатты іс-шараны екі елдің президенттері бейнебайланыс арқылы тамашалады. Сондай-ақ тараптардың ведомство басшылары атқарылған жұмыстарды саралап, ынтымақтастықтың басым бағыттарына тоқталды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz