RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық 22 ЖОО Азияның үздік университеттері рейтингінде жоғарылады

07.11.2024, 09:13 1323

Азияның ең үздік университеттерінің жаңартылған рейтингінде еліміздің 22 жоғары оқу орны былтырға қарағанда өз позицияларын жақсартты, деп хабарлайды 24kz.

Жетекші үш жоғары оқу орны рейтингтің бірінші жүздігінде тұр, бұл – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Satbayev University. Жалпы бұл тізімге Азияның 25 мемлекетінің 985 жоғары оқу орны кіреді. Қазақстанның басты бәсекелестері – Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея оқу ордалары. Отандық университеттер рейтингінің жақсарғаны білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкестігін және халықаралық дәрежеде танымалдығы артқандығын білдіреді. Ал, тізімді құрастырған халықаралық агенттік директоры Азия рейтингіне енген қазақстандық жоғары оқу орындарының саны 35-ке жетуі абсолютті рекорд деп санайды.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz