RU
Толық нұсқаға өту

Елде екі мыңнан астам студент жасанды интеллект бағытында оқып жатыр

17.01.2025, 20:21 769

Елде 2 мыңнан аса студент жасанды интеллект бағытында оқып жатыр.

Қазірдің өзінде жоғарғы оқу орындарында 20 білім беру бағдарламасы әзірленді. Салада білікті мамандар даярлау үшін құзырлы министрлік халықаралық белді компаниялармен де серіктестік орнатқан. Мысалы, елдің 15 университеті Google-мен бірлесіп 5000 студентке арналған GenAI курстарын іске қосты. Мұндай ынтымақтастық әлемдік алпауыт компаниялармен де жасалған. Жоғары технологияға ана тілін енгізу ісі де қарқынды. Доктор Атакан Варолдың басшылығымен қазақ тіліндегі мәтіндермен жұмыс істеу үшін KazLLM атты Жасанды интелект моделі әзірленді. Одан бөлек биыл жасанды интеллект, бағдарламалау және көшбасшылықты оқытуға 100 мың студентті қамтитын «AI-Sana» жобасы іске қосылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz