Алматы кітапханалары Брайль принтерлерімен толықты.
Заманауи құрылғы арқылы зағип және есту қабілеті нашар жандар мәтін оқып, суретпен танысып, аудиокітап тыңдай алады. Арнайы дисплейлер мәтінді қажетті пішінде көрсетеді. Сондай-ақ мәтінді оқитын және аудиоформатқа аударатын сканерлер орнатылған. Аудиокітаптарды тыңдау үшін кітапханалар сапалы құлаққаптармен де қамтамасыз етілді. Қалада осындай жеті кітапхана жұмыс істейді.
Асыл Әжібаев, кітапханашы:
- Қазіргі техниканың дамығаны арқасында бізге ең бірінші мәлімет алу жолы жеңілдеді бізге. Кез келген мәлімет біз үшін қолжетімді болып келе жатыр. Осыдан 4-5 жыл бұрын суреттегі мәліметтер біз үшін қолжетімсіз болатын. Қазіргі күнде пдф форматтағы мәліметтерге біз еркін қол жеткізе аламыз өзіміз.
Толқын Алижанқызы, А.Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана жетекшісі:
- Бұл принтер арқылы текст түрінде я болмаса сурет түрінде сол принтер арқылы шығарып ала алады. Сонымен қатар көзі нашар көретін оқырмандар үшін арнайы аппарат орнатылған. Ол аппаратта оқырмандар кітапты жақындатып, я болмаса өзінің түсін өзгерту арқылы сол кітапты оқи алады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz